кiм болу керек

          Өмірде «Кім болу керек?» деген сұрақ жоғары сынып түлектерінің алдынына шығатыны сөзсіз. Қазіргі әлемде осы мәселе ең маңызды мәнге ие, себебі еңбек нарығындағы қатал бәсекелестік мектеп түлектері мен олардың ата-аналарын ойландырмай қоймайды.

Дұрыс ойластырылған таңдау - келешекте адамның тағдырына әсер етеді. Әсіресе мектепті енді ғана бітірген түлек үшін мамандық әлемінде  жаңылмай өз орнын, жөнін табу күрделірек болады.  Ол өзі үшін маңызды, қоғамға пайдалы және еңбек нарығының сұранысына сай мамандық таңдауға тоқталғаны дұрыс. Жасөспірімге өмірде өз орын табуға кәсіби бағыт беру жұмысы көмектеседі.

Оқушыларға  кәсіби бағыт беру орталығының бірі – жас ұрпақты тәрбиелейтін, және олардың болашақта жұмыс тауып, жақсы өмір сүруіне жағдай жасайтын  қоғам жағдайын есепке ала отырып оқытатын жалпы орта білім беретін мектеп. Мектеп қабырғасында 1-9 сыныпта оқитын оқушыларының дағдылары мен білігін қалыптастыру керек, пәндерді оқыту кезінде алынған білім негізінде өндіріс технологиясы және техникасымен таныстырып, саналы түрде мамандық таңдауға жағдай жасау қажет.

Кәсіби бағыт беру жұмыстары кезеңінде оқушылар мамандық әлемімен танысып шығады. Мектепте кәсіби бағыт беру жұмысы оқушыларды мектептен түлетіп шығаруға байланысты жеке ісшара емес,  барлық оқу-тәрбие жұмыстары жүйесінің құрама бөлігі ретінде қарастырылады. Жалпы, кәсіби бағыттау тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптасыру, оқушыларды өмірге, еңбек етуге дайындау үрдісімен және барлық уақытта мектепте балаларды оқытумен жүзеге асырылады.

Мектепте кәсіби бағыт беру жұмыстарының мазмұнына мыналар кіреді: жұмысшы мамандығына қызғушылыққа тәрбиелеу, оқушыларды алуан түрлі халық шаруашылығының салаларымен, көптеген  кең тараған мамандықтармен таныстыру. Жасөспірімдерді жан-жақты оқыту: олардың қызығушылығын дамыту, бейімі мен қабілетін, сондай-ақ әрбір баланың физикалық және психологиялық мүмкіндігін анықтау.  

Мектеп оқушыларына алынған дағды мен білімді еңбек қызметі түрлерін орындауға жұмсау үшін көмектесу керек. Оқушыларды жалпы білім беретін пәндердің білім көлеміне қарай мамандықтарға қойылатын талаптармен, сондай-ақ болашақ мамандардың жұмыс сипатымен таныстырып отыру қажет. Білімгерлерге мамандықтардың еңбек нарығымен, таңдалған мамандықты меңгеруге мүмкін болатын оқу мекемелері туралы ақпаратпен таныстыра отырып кеңес беріп, оқушының бейіміне сәйкес еңбек қызметі түріне қарай өзінің мүмкіндігі мен қасиетін бағалауға көмектесу – бұл оқушылардың мұғалімдер мен оқытушылардан алатын көмегі.  

Қазіргі уақытта Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағыт беру бойынша тиімді жұмыстар жүргізуде. Олармен  әңгімелесу жүргізіледі және оларға әртүрлі мамандықтар туралы түсінік беріледі. Мамандық таңдауда шешім қабылдау және өзінің қабілетін дұрыс бағалау өте маңызды. Бұл  - өмірде де, мамандықта да өз орнын табуға деген мүмкіндіктерді арттырады. Жоғары сынып оқушыларының мамандықты таңдау кезінде әлеуметтік бейімделуі – заманауи адамның өзін анықтауда кәсіби үрдістегі маңызды кезеңі. Дәл осы кезеңде кәсіби дайындық пен кәсіби бағыттағы кемшіліктер анықталады, жаңа шарттар, сұраныстар, еңбек саласына қызығуды қалыптастыру процесі жүзеге асырылады, баланың өмірлік жоспары қаншалықты нақты іске асырылғаны анықталады.  

Сондықтан, бейімделу – біздің оқытушылардың жастармен кәсіби бағыт беру жұмыстары тиімділігінің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Кәсіпке бейімделу – бұл оқушылардың жалпы білім беретін мектептерде болашақ мамандықтарына бейімділік үрдісі, колледждерде, ЖОО-да олардың кәсіби қызметінің жағдайына бейімделуі, нәтижесінде мемлекетте кадрларды орнықтыру. 

Нарықтық қарым-қатынас кезіндегі бүгінгі күннің басты мақсаты – мектеп оқушыларын нақты мамандықтар бойынша дайындау, мамандықты дұрыс таңдауды жүзеге асыруда тұлғаны қалыптастыру, ғылыми-техникалық үрдісі және бәсекелестік жағдайында кәсіби қызметтердің жинақылығын сезіну. Жасау, талпыну, іздену – жастардың, білімділердің, талаптылардың басты қаруы. Жас адам мемлекетке жай біреу ғана есебінде емес, керісінше жан-жақты біліммен қаруланған жас маман ретінде керек екенін жете түсінуі керек. Кәсби бейімделудің мақсаты – оқушыларға оқыту профилін таңдау туралы шешім қабылдауда көмек көрсету.

Мамандықты дұрыс таңдамаған жағдайда өзі де қиналады, сонымен қатар белгілі бір дәрежеде мемлекетке зиянын келтіреді. Өз орнын табу керек. Біздің қоғамымыз талантты, кәсіби мамандарға, сәулетшілерге, инженерлерге, құрылысшыларға, конструкторларға, педагогтарға және басқа мамандық иелеріне әлі де болса зәру. Білім жүйесін және мамандық әлемі туралы түсінігін қалыптастыру – бұл мамандық таңдауға жеке қабілеті мен бейіміне сәйкес, сондай-ақ қоғамның адамға ұсынып отырған мүмкіндіктеріне жағдай жасау. Студенттердің өзін-өзі дамытуы мен кәсіби тұрғыда дамуын, оның құндылықтарын және болашақ маманның кәсіби қалыптасуындағы маңыздылығын пайымдауына мүмкіндік беру.

Еңбек қызметіне орта мектеп түлектерін жоспарлы және жеделдете енгізудің қажеттілігі жоғары оқу орындары мен оқытуды ұйымдастыру мекемелерінің кәсіби бағыт беру мектептері саласында бірге жұмыс жасау мен бірге әрекет етуді талап етеді. Жоғары сынып оқушылары оқыту ұйымдарында еңбекке үйрету сабағын алуы керек.

Бұндай жұмыс егер ЖОО-нда туыстас мамандықты есепке ала отырып, белгілі бір компания және ұйымдарға бекітсе тиімді болар еді. Сол кезде ғана 11 сынып оқушыларының жыл аяғында болашақ мамандықтарын таңдап және таңдаған мамандықтары бойынша өздерінің жетілдіру жолдарын анықтауға мүмкіндігі болады. Осы жағдайда оқыту ұйымдарында жоғары сынып оқушыларының жартысы алғашқы деңгейді алатын еді. Осы мектеп түлектерінен бірінші кезекте ЖОО-да жедел дайындау тобын жинақтау, анығын айтқанда жоғары деңгейде дайындалған кәсіби кадрларды шығаруды қамтамасыз ететін біліктілікті көтеру.

Кабилова Р.Х., ҚазБСҚА ассоц. профессоры

Тәшімбай С. К.,  ҚазБСҚА ассоц. профессоры